1540

Алтай Көлгінов мектеп оқушыларынан спорт жұлдыздарын қалай шығару керектігін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында спортшылар үшін қандай жағдай жасалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ірі спорт нысандарын балаларымыз үшін ашық әрі қолжетімді етеміз. Спорттық ғимараттар чемпионаттарды/ойындарды, спортшылардың жаттығуын өткізуге арналған алаңдар ғана емес, сонымен қатар оқушыларымыз үшін сабақ өткізетін орын болуы тиіс. Бұл олардың жаттығуларының сапасына жағымды әсер етеді, сонымен қатар жас тұрғындарымызға үлкен ынталандыру береді.

Жан-жақты жағдай жасау үшін спорт нысандарын жөндейміз. Мысалы, биыл "Астана-Арена" стадионында жұмыстар жүргізілді. Дренаж жүйесі, суару жүйесі жаңартылды (бұрын қолмен суарылды), енді көгалдар FIFA стандарттарына сәйкес келеді, киім ауыстыратын бөлмелер ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар, ғимараттардағы бос үй-жайларды ұтымды пайдалану қажет. "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылды. 

Бүгін "Астана" футбол клубының бас жаттықтырушысы Андрей Тихоновпен және "Астана" ФК гендирі Давид Лориямен ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары, балаларымыздың стадион базасында жаттығуларын өткізу, оның ішінде спортшылар ішкі чемпионатта өнер көрсететін футбол клубы нысанының жаңа түрі талқыланды. 

Сондай-ақ біз үрлемелі футбол кортын жөндедік (Жирентаев көшесі, 15 Б, Алматы ауданы). Велоспорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және атыс бойынша құрама командаға қосымша спорттық құрал-жабдықтар берілді. Біздің міндетіміз - балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды қолдау және тұрғындарды салауатты өмір салтына, спортқа баулу. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қала тұрғындарын бұқаралық спортқа баулу үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады. Олардың барлығы көп функциялы болады», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109