1462

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібі алты мекемеде бұзылғаны анықталды

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауда. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда карантин тәртібі алты мекемеде бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мониторингтік топтар төмендегі мекемелерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 8 мекенжайында орналасқан «Адем» қонақ үйінің қызметкерлері жұртшылыққа бетпердесіз қызмет көрсетті. Бұл сәтте үй-жайда 9 адам болған.
Есіл ауданындағы Достық көшесі, 18 мекенжайында орналасқан «Back to Hemingway» бары карантин режимін бұзып, кальян шегу қызметін ұсынған. Ал Тұран даңғылы, 2 мекенжайындағы «Aura Alanya» түнгі клубы түн ортасынан кейін жабық есік арқылы жұмыс істеді.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысының бұзылуы Азербаев көшесі, 47 мекенжайындағы «One shot» компьютерлік клубында және Алматы ауданындағы Қордай көшесі, 50 мекенжайында орналасқан «Home bar» барында анықталды.

Мониторингтік топ Байқоңыр ауданындағы Пушкин көшесі, 9 мекенжайында орналасқан «Ачичук» кафесінде бір үстелдегі қонақтар саны тым көп екенін анықтады. Бір үстелде 8 адамнан артық болғаны белгілі болды.

Жиналған материалдың бәрі тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109