1738

Нұр-Сұлтанда жаз айларында йогадан, фитнес жаттығулардан тегін сабақтар өтеді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін жаз мезгілінде йога, фитнес жаттығулардан арнайы тегін сабақтар өтеді. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін тегін сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар мен фитнес нұсқаушылар жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басқарманың бұқаралық спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Өтегенова алғашқы жаттығу алдағы демалыс күндері ашылатын «Demalys  promenad» көшесінде басталатынын айтты.

«Тегін сабақтар мен жаттығулар 12 маусым күні ашылатын «Demalys promenad» демалыс көшесінде бастау алады. Сонымен қатар аталған көшеде спортшыларымыз киокушинкай каратэ, муай тай, таэквандо, көркем гимнастика секілді спорт түрлерінен шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында елорда тұрғындарына фитнес, жүгіру, воркаут, зумба, йога, тыныс алу гимнастикасы, скандинавиялық жүріс секілді спорт түрлерінен кәсіби жаттықтырушылармен сабақтар ұйымдастырамыз. Сабақтар қаламыздың барлық саябақтары мен шалғай аудандарды да қамтитын болады», — деді спорт басқармасының өкілі.  

Сабақтардың кестесін басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (@sport_nursultan) және 55-75-61 байланыс нөмірінен білуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109