1679

«Мектепке жол» акциясы өз жұмысын бастады

Осындай аз қамтылған отбасынан шыққан бірнеше бала республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп киімі, оқу құрал-жабдықтарымен қамтылды. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін шара биыл 6-шы рет ұйымдастырылды.

Кішкентай Малика Ыдырысова биыл 1-сыныпқа барады. Көпбалалы  отбасында тәрбиеленген ол мектеп киімі мен оқу құралдарын түгендеп, алғашқы қоңырау соғылар күнді асыға күтіп жүр. Осындай аз қамтылған отбасынан шыққан бірнеше бала республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп киімі, оқу құрал-жабдықтарымен қамтылды. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін шара биыл 6-шы рет ұйымдастырылды. 

Майра Ыдырысова, көпбалалы ата:

Мен 6 баланың анасымын. Биыл кенже балам мектепке барады. Үлкендерінің барлығы №57 орта мектепте оқыды, қазір 3 балам оқиды. «Мектепке жол» акциясының арқасында балаларымызды елеп, аз да болса көмек көрсетуде. Көпбалалы ата-аналардың атынан айтар алғысым шексіз.  

Бес жыл ішінде акция арқылы 17 000-ға жуық балаға көмек көрсетілген. Соның ішінде былтыр 6000-дай бала мектепке керек-жарағын түгендесе, биыл көмекке мұқтаж 8000 баланы мектеп құралдарымен қамту жоспарланып отыр. 

Римма Иманғазинова, Астана қаласы Балалар құқын қорғау басқармасының басшысы:

Жылда 1-тамыздан 30 қыркүйекке дейін ҚР БҒМ ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акциясы өтеді. Біз ата-аналар үшін кеңес беру жұмыстарын жүргіземіз. Өзге аймақтардан келген балалар уақытша Астанада тіркелмеген болып шығады. Осындай отбасылардың балаларын тіркейтін база жұмыс істейтін болады. 

Сондай-ақ, 15 тамыздан 30 тамызға дейін Астана қаласы ІІБ бірлесіп, вокзал, қала базарлары, тұрғын үй алаптары тексеріліп, тіркеуге тұрмаған оқушылар тізімі жасалады. Ал, 24, 30 тамыз күндері Орталық алаңда мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен оқу құралдарының жәрмеңкесі өтеді. Айта кету керек, 2011 жылы Астанаға өзге аймақтардан 3584 оқушы келсе, 2012 жылы өзге өңірлерден келген 4577 оқушы тіркелген. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109