2183

Нұр-Сұлтанда жаңа жағажай ашылады

Нұр-Сұлтанда бассейндері бар жасанды жағажай Есіл өзенінің жағасында Сарайшық көшесінде орналасқан көпір маңындағы Триатлон-паркте ашылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бұл жағажай әдемі көрінісі бар шағын аралда ашылады, деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

«Қала әкімінен жағажай салуды сұраған тұрғындар осындай ұсыныс білдірді. Елордалықтардың өтініші негізінде Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр. Оны қала күніне орай ашу жоспарлануда», - деп түсіндірді Нұрлан Уранхаев.

Су бетіндегі жаңа кешен қалқымалы понтондарда жасалмақ. Біріктірілген модульдер арқылы бассейн орны түзеледі.

Сондай-ақ, жағажайда күнге қыздырыну, демалыс және тамақтану орындары ашылады. Кешенге велосипедпен жетуге болады.

Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкеннің айтуынша, саябақтардың бәрін веложолдармен біріктіріп, оларды инклюзивті ету жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ауданда өткен жылы көпір астындағы қараусыз қалған аумақта арт-инсталляциялары, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, баскетбол және балалар алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылған болатын. Жаңа орын Триатлон паркі мен Президенттік саябақты біріктіреді

Бұл жұмыстың бәрі «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарына сәйкес жүргізіледі. Биыл барлығы 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109