1451

Елордалық мейрамхана карантинге қарамастан «құдалық» өткізді

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауда. Өткен тәулікте карантин тәртібі Нұр-Сұлтанның үш ауданында бес мекемеде бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мониторингтік топтар төмендегі мекемелерді әкімшілік жауапкершілікке тартты:

Сарыарқа ауданы Сарыарқа көшесі, 11 мекенжайындағы «Атом» компьютерлік клубы маска режимін сақтамастан жұмыс істеді. Сондай-ақ, осы ауданда Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайындағы «Панаехали» атмосфералық клубы тыйым салынғанына қарамастан жұртшылықты қабылдаған.

Есіл ауданы Д.Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайындағы «Cabera» гриль-бары және Қорғалжын тас жолы, 2 мекен-жайындағы «Зима» барлар галереясы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді.

Алматы ауданы Майлин көшесі, 33 мекенжайындағы «Алтын адам» банкет залында да карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Мұнда жиналған жұрт «құдалық» өткізген.

Жиналған материалдың бәрі тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109