1588

Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерге арналған көше ашылды

«Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында Ә.Мәмбетов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған «Demalys Promenade» көшесі ашылды. Ә.Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасындағы бөлігі демалыс және мереке күндері жаяу жүргіншілер көшесіне айналады. Енді бұл көшеде автокөліктердің қозғалысына тыйым салынады.

Бұнда жазда демалыс күндері сағат 10.00-22.00 аралығында шығармашылық қойылымдар, түрлі ойын сауықтық бағдарламалар, би жарыстары, спорттық шеберлік сыныптары, тақырыптық фестивальдар және т.б өткізіледі.

Жаяу жүру аумағы кіреберіс аркадан басталады, оған жақын жерде орналасқан сахнада концерттер мен қойылымдар ұйымдастырылады. Көше бойында қала тұрғындары мен қонақтары үшін шатырлары бар сауда-көрме, суретшілер алаңдары, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға («асық ату» және «тоғыз құмалақ») арналған орындар қарастырылған.

Сондай-ақ, ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер мен арт-нысандардан фото аймақтар орнатылған.

Сонымен қатар, жаз бойы «ORDA FM» радиосы Demalys Promenade-тан тікелей эфир жүргізеді. Көшенің ашылу салтанатында эфирдің алғашқы қонағы қала әкімі А. С. Көлгінов болды.

«Біз елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында дамытудамыз. Бұл, ең алдымен, қаланың адамдар үшін ыңғайлы болуы. Жыл сайын біз қоғамдық кеңістіктердің санын көбейтудеміз, қала тұрғындары таза ауада уақыт өткізе алатын тартылыс нүктелері көбірек болады. Қазір көптеген адамдар спортпен айналыса бастады. Бұл бізді қуантады.

Бүгін жаяу жүргіншілер көшесі ашылды, жаз бойы демалыс күндері бұл жерде көлік қозғалысына тыйым салынады. «Demalys Promenade» — бұл қала театрларының, шығармашылық ұжымдардың ашық ауада өнер көрсетуінің негізгі бөлігі өтетін тартымдылықтың тағы бір нүктесі. «Demalys Promenade» сондай-ақ, жас әртістерге, жастар субмәдениеттері мен креативті индустрия өкілдеріне іске асыруға мүмкіндік береді.

«Demalys Promenade» «Театральный» жаяу бульвары (Омаров көшесі) мен қаланың жағалауын біріктіреді, мұнда да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағалауда өзіндік бақылау алаңы, сонымен қатар, әткеншектер мен қызықты архитектуралық формалар пайда болады. Ағымдағы жылы барлығы 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) саламыз және абаттандырамыз.

Өткен жылы 76 гектардан астам аумақ абаттандырылды. Алғаш рет спорт алаңдары, яғни коньки, футбол және баскетбол алаңдары және т.б. бар көпір астындағы орын абаттандырылды. Сондай - ақ, көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізудеміз, бұл экологияға жағымды әсер етеді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов жаяу жүргіншілер көшесінің ашылуында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109