1727

Биыл талапкерлерге 2012 жылмен салыстырғанда 738 грант артық бөлінді

Үстіміздегі жылы Қазақстанда 35 053 грант бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 738-ге артық. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты хабарлады.

Үстіміздегі жылы Қазақстанда 35 053 грант бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 738-ге артық. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты хабарлады.

«Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау байқауына барлығы 68 742 талапкер қатысады. Соның ішінде ҰБТ сертификатымен - 50 997, кешенді тестілеу сертификатымен - 16 072, халықаралық олимпиадаға қатысушылар - 1 308, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері - 365, жетім балалар - 469, мүгедектер - 319»,- делінген орталық ақпаратында.

Сондай-ақ, білім гранттарын тағайындау кезінде «Алтын белгімен» марапатталғандардың және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарының құқығы басым болады. 

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Гранттарды тағайындау 10 тамызда аяқталады. Білім гранттарының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Талапкерлерді ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне қабылдау тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109