1472

«Demalys Promenade»: Ел астанасында жаңа жаяу жүргіншілер кеңістігі ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауының тұрғындарына арнап қала билігі керемет сыйлық жасады. Елорда тұрғындарының демалыс күндері жаяу серуендеуі үшін жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Демалыс күнгі «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшесі – Кенесары мен Абай көшелерінің арасында орналасқан Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің бойында сән түзеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ортағасырлық стильдегі аркалар, тастардан түзілген жол төсемі, киіз үй тәрізді шатырлар, ерекше стильдегі орындықтар мен қоқыс жәшіктері. Мұның бәрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлайтыны анық. Демалыс күндері «Demalys Promenade» кеңістігінде «Астана опера» концерттерінен бастап, hand made шеберлер жәрмеңкесіне дейін көптеген түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Жаңа демалыс орнында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұртшылықпен бірге серуендеп шықты. Ол бұл маңайға түстен кейін келді. Шаһар басшысы алдымен жазғы оқу залына тоқталды. Бұл жерде кітап оқуға, сол сияқты кітапты үйіңде оқып бітіруге қажетті жағдай жасалған. Осыдан кейін сурет салып отырған суретшілерге аяңдады. Ал ары қарай Orda 103.2 FM «QairlyTancy» көшпелі радиосының студиясында қонақ боды. Эфир барысында қоғамдық кеңістік ашудың маңызына тоқталып өтті. Оның айтуынша бұл орынды ашуда «адам үшін жайлы қала» принципі негіз болған. Осы мақсатта «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары қабылданды. Оның негізгі бағыттарының бірі – серуендеу, спорт және шығармашылық орындарын ашу. Биыл барлығы 150 аула, 40 қоғамдық кеңістік құрылып, абаттандырылады.

«Қала ең алдымен адам үшін жайлы болуы керек. Біз жыл сайын қоғамдық кеңістіктер қатарын арттырып жатырмыз. Бұған көпір астындағы кеңістіктерді мысал етуге болады. Қазір спортпен, йогамен айналысатын жастардың қатары көбейіп келеді. Сол сияқты көгалдандыру жұмысын да арттырып жатырмыз. Экологияны жақсарту үшін көптеп ағаш отырғызылуда. Осындай маңызды жобалардың бірі – «Demalys Promenade», – деді Алтай Көлгінов.

Жаяу жүргіншілер кеңістігін алдағы уақытта Ж.Омаров көшесіндегі «Жастар» және жас көрермендер театры арасында орналасқан бульвармен қосу жоспарлануда. Ал Кенесары көшесі жағы Есіл өзенінің жағалауына және Орталық саябаққа жалғаспақ. Бұл жаяу жүргіншілер аймағының тұтас тұжырымдамасы. Әкім оң жағалаудағы жаңа аймақ астаналықтардың көңілінен шығатынына және қалада бәрі сол жағалау үшін жасалып жатыр деген стереотиптен арылатынына сенімді.

Шамамен бір шақырымға созылатын кеңістікте түрлі іс-шаралар мен шоулар қарастырылған: фестивальдар, театрлардың, Астаналық цирктің қойылымдары, ересектер мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерттері. Қолөнершілер, оқу және сурет салуды ұнататындар, жәрмеңке алаңы. Спортсүйер қауымның да өтініші жерде қалған жоқ. Олар үшін бұл орын каратэ киокушинкай, муай тай, көркем гимнастика, йога және басқа да ойын-сауық түрлері бойынша сүйікті жаттығу орнына айналады. Жұрт серуендеп, таза ауамен дем алып қана қоймай, уақытты пайдалы өткізе алады. Бұл жерде әсіресе аға буын мен балалар үшін қызықты болмақ. Елорда әкімдігі жаз айының бағдарламасын әзірлеп қойды. «Demalys Promenade» демалыс және мереке күндері ғана жұмыс істейді. Осы күндері ғана концерттер ұйымдастырылып, ойын-сауық бағдарламасы қойылады.
Өз кезегінде Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.

«Бұрын бұл жерде асфальтты жол болған. Біз оны арнайы төселген тастармен алмастырдық. Жұрттың еш қиындықсыз демалуын қамтамасыз етуге тырыстық. Бүгінде бізде 30%-дан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар», - деді ол.

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен айтқандай, қала басшылығы А.Мәмбетов көшесін «Demalys Promenade» үшін арнайы таңдап алды. Мұнда мемлекет қорғауындағы «П.Г. Моисеевтің үйі» аталып кеткен ғасырдан астам тарихы бар көне ғимарат, кітап оқуды насихаттау үшін «Абай кітапханасы», еліміздің өркендеуіне үлес қосқан аға буын өткілдері тұрған үйлер бар. Қала басшылығының ойға алған мақсатының бірі – елорданың тарихи бөлігін қайта реновациялау, басқа қырынан таныту.

Айта кетейік, «Demalys Promenade» кеңістігінде өтетін іс-шаралардың бәрі санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109