1767

«Demalys Promenade»: Нұр-Сұлтанда алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер кеңістігі ашылғанын айта келе биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салып, абаттандырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданы одан әрі дамытуды жалғастырамыз. Қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада уақыт өткізе алатын жаңа орындарды абаттандырудамыз. Бүгін қаланың оң жағалауында алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі ашылды. "Demalys Promenade" А.Мәмбетов көшесінің (Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасында) учаскесінде орналасқан, демалыс және мереке күндері учаске автокөлік қозғалысы үшін жабық болады.

Жаяу жүргіншілер аймағы кіреберіс аркадан басталады, оның жанында орналасқан сахнада шығармашылық топтардың, әртістердің концерттері мен қойылымдары өтеді. Одан әрі жаяу жүргіншілер көшесінде суретшілер бұрышы, шахмат ойнауға арналған орындар, ұлттық ойындар ("асық ату" және "тоғызқұмалақ"), спорттық жаттығуларға арналған орындар, сурет көрмелеріне арналған аймақтар, кітап аймақтары, шатырлы сауда-көрме алаңы және т.б. сондай-ақ ерекше инсталляциялар, әткеншектер, арт-нысандардан фотозоналар және т. б. орнатылған.

Сонымен қатар, "Demalys Promenade"-тың ерекшелігі - ол "Театральный" жаяу жүргіншілер бульвары (Омаров көшесі) мен қаланың жағалауын біріктіреді, онда біз абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Жағалауда өзіндік бақылау палубасы пайда болады, сонымен қатар әткеншек орнатамыз және т. б.

Биыл барлығы 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салып, абаттандырамыз, бұл - саябақтар, скверлер, бульварлар. Олардың ішінде, мысалы, Триатлон парктегі жаңа жағажайды абаттандыру, Президенттік паркте жүзбелі тақтай жағалауы, Оқушылар сарайының жанында тағы бір скейт-парк ашамыз, Қабанбай батыр даңғылының жанындағы көпірдің астында (Самал шағын ауданы жағынан) тағы бір көпірасты кеңістікті абаттандырамыз) және т. б

Мәселен, өткен жылы 76 гектардан астам аумақ абаттандырылды. Ол кезде алғаш рет спортпен айналысуға арналған аймақтар, скейт-алаң, футбол және баскетбол аймақтары және т. б. бар көпірасты кеңістіктері абаттандырылды.

Көшеде жайлы уақыт өткізу және экологияны жақсарту үшін қаланы көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргіземіз. Қаланың "өкпесі" болып табылатын ағаштарды елорданың барлық аудандарында отырғызамыз. Осылайша, қазірдің өзінде қалада өзіндік экологиялық аймақтар мен тартылыс нүктелері бірнеше есе көбейді. Жайлы қоғамдық кеңістіктердің санын арттыру үшін алдағы уақытта да жұмыс істейтін боламыз», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109