1164

Елорда әкімі әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысын аралап шыққанын айтып, биыл 10 мың пәтер тапсырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Біз жүйелі түрде жұмыс істейтін мәселелердің бірі – әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы. Бүгін Есіл ауданының Жағалау шағын ауданында орналасқан бірқатар қолжетімді тұрғын үйдің құрылысы қалай жүргізіліп жатқанымен таныстым.

Құрылыс қарқынын үдетуді, үйлердің сапасына және айналасының абаттандырылуына мән беруді тапсырдым. Бұдан бұрын үйлердің бірінші қабаттарын бизнеске бермей, тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар: оңалту орталықтарын, медициналық орталықтар, балалардың бос уақытын өткізетін орталықтар, полиция тораптарын ашу туралы шешім қабылдағанбыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үйді көбірек салудамыз. Мысалы, егер кезекте тұрғандар үшін 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер салынса, 2019 жылы – 2900, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынған болатын. Биыл ерекше сұраныстары бар балаларды өсіріп отырған аналарға, мүгедектерге, басқа да мұқтаж жандарға арнап 10 мыңнан астам пәтер саламыз. Бұл тізімге «Отбасы банкінің» («Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі») кезекте тұрған салымшылары да кіреді. Мұқтаж жандарға жеңілдікті пәтерлер кілті жыл бойы тапсырылады. 

Әлеуметтік тұрғын үйлер қаланың барлық ауданында, айталық, Отау, Жағалау шағын аудандарында, Ш.Құдайбердіұлы, Р.Қошқарбаев көшелерінде, Пригородный тұрғын үй алабында, жаңа вокзал төңірегінде бой көтереді.

Бұдан басқа, биыл Елбасы бастамашылық жасаған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасады. Оның аясында жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жас баспаналы болады. Бұған қоса, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын (әлеуметтік несиелеу) бастаймыз.

Қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Қазақстан ипотекалық компаниясы (КИК) желісі бойынша қатысатындар санаты кеңейтілді. Енді оған медицина қызметкерлері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері қатыса алады. Сонымен бірге тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 миллионнан 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109