916

Елордада «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы жалғасты

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірлесіп, Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Шараны ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық  «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Даулеткерей Кәпұлы алғы сөзімен ашты.

«Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат мектеп оқушылар арасында кітап  оқу мәдениетін насихаттау болып саналады. Келесі айда осында ашық аспан астындағы кітапхана бой көтермек. Әр сенбі сайын осында ақын-жазушылардың оқырмандармен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Жалпы ел астанасында әдебиет пен мәдениеттің, руханияттың үлкен ордасы қалыптасып келе жатыр», – деді Даулеткерей Кәпұлы.

Өз кезегінде Байқоңыр ауданы әкімімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев қала тұрғындарының рухани, мәдени сұранысын өтеуге бағытталған осынау шараларды ұйымдастыруға қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.

Шара барысында Олжас Қасым, Ұларбек Дәлей, Алпамыс Файзолла сынды ақындар өлең оқыды. Және дәстүрлі әнші Күнсұлу Түрікпен әсем әннен шашу шашты.

Байқоңыр ауданының тұрғындары мен осындағы Абай, Жамбыл атындағы мектептердің оқушылары қатысқан жиында #2 және #5 балалар кітапханасы кітап көрмесін де ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109