1268

Елордада ашық аспан астында шетелдік әртістер өнер көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірлесіп, «Астана Опера» театрының труппасын ашық аспан астында өткізеді. Оның барысында 10-ға жуық тегін концерт беріледі. Бұл қойылымдарды елорда тұрғындары мен қонақтары Мәмбетов көшесіндегі «Аффари» бизнес орталығының алды мен Орталық қалалық саябақтағы амфитеатр сахнасында өткізеді. Сол сияқты мұнда шетелдік әртістер де өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Шығармашылық ұжымымыз алғаш рет ашық алаңда өнер көрсеткелі тұрған жоқ. Жыл сайын Дж. Вердидің «Аида» операсы сынды ғаламат спектакльдерді ашық аспан астында орындап жүрміз. Осындай жобалар ағартушылық сипатта жасалып, қазақстандықтарды асқақ өнерге тартуға бағдарланған. Жанға жайлы әрі мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз деген сенімдеміз. Бірқатар тосынсый әзірледік. Мұнда Италия, Швейцария, Жапония, Ресей мен Чехиядан келген шетелдік әртістер өнер көрсетеді», - деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Концерттердің бағдарламасы ересектерге де, балалар аудиториясына да қызықты болатындай етіп ойластырылған. Жас көрермендерді 13 және 19 маусым күндері сағат 12:00-де Аффари сахнасында өтетін «Балалар сыйға тартқан өнер» атты концерт күтуде.

Ал 13 маусым сағат 20:00-де Аффари сахнасында өтетін «Вокалдық музыка жауһарлары» концерті жексенбілік кештің романтикалық әсерін арттыра түспек.

Сонымен қатар Абзал Мұхитдиннің көрерменнің көңілінен шыққан «Жылдың сегіз мезгілі» (А.Вивальди, А.Пьяццолла) авторлық концерті 12-13 маусым сағат 20:00-де Орталық қалалық саябақтағы амфитеатрда өтеді.

Ал апта соңында 26 және 27 маусым күндері сағат 20:00-де Орталық қалалық саябақтағы амфитеатрда қала тұрғындарының назарына Опера-гала ұсынылмақ.

«Астана Операның» бірегей жобасы – «PICCOLO» театры 5 шілде күні сағат 20:00-де қалалық саябақта өз репертуарының інжу-маржаны – Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» екі бөлімді драма-буффасын ұсынады.

Елорда күнінде, яғни 6 шілдеде Орталық қалалық саябақтағы амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт өтеді, онда «Астана Опера» театрының жетекші опера солистері, хор әртістері мен симфониялық оркестрінің орындауында қазақстандық авторлар мен батыс еуропалық классик композиторлардың танымал опералық ариялары мен дуэттері, аспаптық әрі хорға арналған шығармалары шырқалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109