2000

Нұр-Сұлтанда екі мыңнан астам үлескері бар проблемалы құрылыс нысандары биыл тапсырылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған үйлердің бірқатары биыл берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің ар жағында мыңдаған адамдардың тағдыры тұрады. Үлестік құрылыс нысандарындағы жағдай әртүрлі: бір жерде құлап, қирау қаупіне байланысты тұрғын үй кешендерін бұзып, қайта салып жатырмыз, бір жерде құжаттар дұрыс болмады, екі/үш есе сату фактілері анықталды. Бірінші кезекте ұзақ салынған нысандарға техникалық аудит жүргізу қажет болды, өйткені бәрінен де үйлердің қауіпсіздігі: іргетастың беріктігі, сол үйде тұратын адамдардың амандығын ойладық.

Бүгін үлескерлер саны 2 мыңнан астам отбасын құрайтын қаланың ең проблемалы құрылысының барысымен таныстым. Бұл – «Шығыс» тобының бірнеше тұрғын үй кешенінен тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлер. Аталған ұзақ уақыт салынған үйлердің құрылысын «өлі нүктеден» жылжыту үшін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: қаржы бөлінді, техникалық, қаржылық аудит жүргізілді, ТК барлық блоктарына мердігерлер анықталды.

Мысалы, 1А және 1В блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізілді, терезелер мен лифтілер орнатылды. Инженерлік желілер жүргізілді. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары басталды.

2А және 2В блоктарында үйдің қаңқасы толықтай жасалды. Мысалы, 2А блокта үйдің қаңқасы нөлдік циклден көтерілді. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің шатырын салу жұмыстары жүргізілді, қазір терезелер мен лифтілерді орнату жұмыстары басталды.

3А және 3Б блоктарында үй шатырлары мен қаңқасы бойынша осыған ұқсас жұмыстар жүргізілді. Терезелер, лифтілер орнатылады.

4А блогында (1-кезек) монолитті жұмыстар, тас қалау, терезелерді орнату, сондай-ақ қасбеттік жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғын үй кешенінің бұрын аталған блоктарын ағымдағы жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Бір жарым жылдың ішінде (2019 жылдың жазынан бері) ұзақ салынып жатқан үйлердің саны 2 еседен астам азайды. Биыл 50-ден аса көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде тағы 7 мыңнан астам үлескерлер өз пәтерлерінің кілтін алады. Мұндай әр нысан бойынша мұқият есептелген іс-шаралар жоспары жасалған», — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109