1242

БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбында жыл сайынғы халықаралық конкурсын жариялады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату, халықаралық кеңістікте еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету, баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

 «Үздік теледидар материалы»;
 «Үздік радиоматериал»;
 «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
 «Ғаламтордағы үздік жарияланым»;
 «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».
Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Конкурсқа 2020 жылғы 10 қазан мен 2021 жылғы 10 қазан (қоса алғанда) аралығында ресми жарыққа шыққан (жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей авторлық материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген конкурс комиссиясы шығарады. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 20 қазанға дейін (қоса алғанда) келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен немесе presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-53, 693059).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www.fnn.kz сайттары арқылы танысуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109