1477

Нұр-Сұлтанда балалар арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында балалар арасында «Алтын күн» патриоттық әндерінің IV фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл шара осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мұнда түрлі ұлт өкілдері қатысып жатыр. Бұл конкурс көп ұлтты еліміздің бейбіт күнде, достықта өмір сүріп жатқанының тағы бір көрінісі. Мұнда әр ұлттың баласы егемендігіміздің 30 жылдығына арналған кеште ел туралы, Отан, туған жер жайлы патриоттық әндер айтады. Сол сияқты түрлі өнер иелерін көруге болады. Бүгін жас – еліміздің ертеңгі болашағы. Оларды өнер арқылы тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз», – дейді фестиваль ұйымдастырушысы Алпамыс Шаримов.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолға алуымен өтті. Фестивальде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, туған елдің тарихи және мәдени оқиғаларына қызығушылықты арттыру, сондай-ақ дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру секілді құндылықтар насихатталады.

«Бұл конкурсқа бірінші рет келіп тұрмын. Маған бәрі ұнады», - дейді кішкентай қатысушылардың бірі Амира Молдағалиева.

Фестивальға этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін және музыка мектептерінің, ансамбльдердің оқушылары, сондай-ақ 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатысты.

«Бұл конкурсқа алғаш рет қатысып отырмын. Бәрі көңілімнен шықты, фестиваль көңілді өтті. Достарым да өнер көрсетті. Өзіме жаңа достар таптым», - дейді конкурсқа қатысушы София Корень.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109