1380

«Астана орманы» ЖШС жасыл белдеудегі өрттің алдын алу туралы айтты

«Астана орманы» ЖШС орман алқаптарында өрттің алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өрт қаупі кезеңінде "Астана орманы" ЖШС "Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ қолдауымен 6 бағыт бойынша байланыс және өрт сөндіру құралдарымен, суару-жуу машиналарымен қамтамасыз етілген. Сол сияқты биіктігі 12-18 метр болатын бақылау өрт мұнаралары арқылы мобильді топтар (40 орманшы) тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Бекеттер Астрахань, Софиевка, Қорғалжын және Қарағанды тас жолдарының айналма жолдарында орналасқан. Сондай-ақ, арнайы бекеттер халықаралық әуежай мен Қарқаралы тас жолы бойындағы Ипподром ауданында жабдықталған.

Өрт ошағы анықталған жағдайда кезекшілер өрт туралы "Астана орманы" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне 49-83-96 телефоны арқылы дереу хабарлайды, ал олар өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД диспетчерлік қызметіне жеткізеді.

Сонымен қатар, елордалық ТЖ департаменті өрт санын азайту және тұрғындарды табиғат аясында қарапайым ережелерді ұстану жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Биыл өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері ТЖ департаментінің полиция қызметкерлерімен, еріктілермен бірлескен рейдтері кезінде 3 млн теңгеден астам сомаға 500-ден аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ҚК 204-бабы бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды.

«Түрлі деректер бойынша адам табиғи өртке 72-ден 99%-ға дейін кінәлі. Туристер, саңырауқұлақ терушілер, балықшылар, тіпті ағаш кесушілер орманда қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Өрттің күшеюіне ағашты заңсыз кесумен және сатумен айналысатын адамдар да әсер етеді. Олар ағаш кесілген орынды тазаламай кетеді. Табиғи өрттердің пайда болу себебі әртүрлі болуы мүмкін: отты абайсыз қолдану, балалардың отпен ойнауы, тұрғын үйлер жанында қоқыс жағу, күн сәулесінің әйнек арқылы тұтануы және т.б.», - деп жазды ведомствода.
ТЖД биыл мамыр айында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілгенін мәлім етті. Сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде орман шаруашылығының ведомстволық бөлімшелерінің, мекемелерінің (ЖШС, РМК) өзара іс-қимыл жағдайларының нақтылығы тексеріледі.

«Жасыл белдеу аумағында өрт сөндіру үшін 25 бірлік арнайы, қосалқы, негізгі және авиатехникадан тұратын күштер мен құралдар тобы бар», - деп мәлімдеді ТЖД.

Айта кетейік, елорданың жасыл белдеуінің жалпы ауданы шамамен 15 мың гектарды құрайды. Онда 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұта 11 мың гектардан астам аумақта өседі. Негізінен (98,2%) жапырақты ағаш түрлері өседі, ал қылқан жапырақты ағаш түрлерінің үлесі бар болғаны 1,8%-ды құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109