1421

Елордада өтетін семинар-тренингтерде NEET санатындағы жастармен қоғамдық жұмыс жүргізу мәселесі талқыланады

Нұр-Сұлтанда 15-17 маусым аралығында NEET санатының өкілдерімен жұмыс істейтін жастар саясаты саласының, жастар ұйымдарының, ҮЕҰ, қоғамдық ұйым қызметкерлері үшін семинар-тренингтер өтеді. Оны "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

NEET санатына жұмыссыз жастар, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар мүгедек жандар, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын жастар, белсенді емес жастар секілді топ өкілдері кіреді.
Семинар-тренинг бағдарламасы NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі әдістемелік құралды практикалық қызметте жақсы түсінуге және енгізуге ықпал ететін болады.

Қатысушылар NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің халықаралық және отандық тәжірибесімен танысады. Сондай-ақ осы топтың жастарына көрсетуге болатын қызметтер пакетін әзірлейді.

Іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109