1616

Елордада жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысушылар өз ойымен бөлісті

Жыл санап тұрғындарының саны артып келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласында баспанамен қамту мәселесі қашанда өзекті. Қазіргі таңда қалада пәтер кезегінде 48 мыңнан астам адам тұр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сәйкесінше қала билігі тұрғындардың пәтер мәселесін шешуде ауқымды шаралар легін қолға алған. Өткен жылы елордада жалпы көлемі 3 миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынып, ел игілігіне берді. Сондай-ақ әлеуметтік пәтер беру көрсеткіші де еселеп ұлғайды. Мәселен 2019 жылы шаһарда 2900 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін артты. Мұнан бөлек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сай, жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру туралы тапсырмасы да көп түйіткілдің түйінін тарқатуға мұрындық болды.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Елбасы тапсырмасын толықтай орындап, жұмысшы жастарға 1050 пәтердің кілтін табыстады. Өткен жылы әлемдік пандемияға байланысты бұл бағытта бөлінген қаражат мөлшері қысқарып, жастарға 350 пәтер беру туралы шешім қабылданған-ды. Жұмысшы жастарға пәтерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы Р.Қошқарбаев даңғылы, Қордай және № 23-31 көш. қиылысындағы аудан, Абылай хан даңғылы мен Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысы мекенжайларындағы тұрғын үйлерден берілді.

Ендігі кезекте олар осында 5 жыл тұрып, өз пәтерлерін алуға қажетті бастапқы жарнаны жинайды. Талайдың баспаналы болуына қол ұшын созатын жобаға жасы 29-дан аспаған, жұмыс істейтін жастар қатыса алады. Ең бастысы олардың меншігінде ешқандай тұрғын үй болмауы керек. Есесіне «Отбасы банкінде» депозиттік шотының болуы құпталады. Сонымен қатар соңғы 6 айда кемінде 111 мың 120 теңге табысы болғаны жөн. 2020 жылғы 1-6 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс істейтін жастары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтінімдер қабылданды. Жобаға жалпы 5463 жас қатысқан. Солардың арасында айы оңынан туып, жалдамалы пәтер иеленгендердің бірі – елордалық педагог Мағжан Дәнебеков.

«Ақпан айында Абылай хан даңғылындағы №56А тұрғын үйден 1 бөлмелі пәтерді жалға алдым. Жалдау ақысы қаладағы жалдамалы пәтер нарығымен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Мен осы пәтерде тұрып, ипотекалық бағдарламаларға қатысу үшін алғашқы жарнаны жинау мүмкіндігіне ие болдым. Көршілерімнің барлығы да – осындай әлеуметтік бағдарлама қатысушылары. Осы қалада 15 жылдан бері тұрып келемін. Отбасымен пәтер жалдап күнелтудің қиындығы маған мәлім. Сондықтан да жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтерлер беру жобасын баспанамен қамтудағы баянды екенін сеніммен айта аламын», – дейді Мағжан Жандосұлы.

Ал қала әкімдігі биыл жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 1050 пәтер жалға берілетінін мәлімдеді. Бұл дегеніңіз, осыншама жастың баспана мәселесін шешуге нақты қадам жасалғанын көрсетеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109