2031

Астанада Орталық Азия бойынша халықаралық ESCAS конференциясы өтіп жатыр

Астанада Назарбаев Университетінде Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамының XIII халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Астанада Назарбаев Университетінде Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамының (The European Society for Central Asian Studies / ESCAS) XIII халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлады astana.kz сайтына Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаментінен.

Іс-шараға Азиян, Еуропа және Солтүстік Американың 16 елінен 200-ден астам өкіл қатысады. ESCAS конференциясы Орталық Азия аумағында алғаш рет өтеді.

Іс-шараның ашылу рәсімінде конференция президенті, доктор Александр Моррисон және Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Даирова сөз сөйледі.   «Шынымен де біздің жолымыз болды, Назарбаев Университетінде  Орталық Азия және Еуразия зерттеулері саласындағы танымал ғалымдар жұмыс істейді. Жақында Еуразиялық жоғары білім беру көшбасшыларының форумын өткіздік және біз үшін бүгінгі конференция биыл өңірлік ауқымда өткізіліп отырған екінші іс-шара», - деді Қадиша Даирова.

Үш күн ішінде қатысушылар антропология, тарих, саясаттану, өнер, әлеуметтану және білім беру саласындағы, оның ішінде көші-қон, ұлттық сәйкестендіру, азаматтық даму, материалдық мәдениет, музыка, қазақ әдебиеті, білім беру, аграрлық сала және тұрғылықты халық, өңірдегі ашаршылық кезеңдері, ислам тарихы, шекаралар тарихы және Орталық Азия елдерінің егемендігі мәселелері бойынша тың зерттеулерді тақылайды.

Конференцияның алғашқы күні ғылымның БАҚ-та дәріптелуіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. АҚШ, Германия, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің сарапшылары ғылымға қатысты тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында алға жылжыту жолдарын талқылады. Назарбаев Университеті өзінің медиа жұмыс тәжірибесімен  бөлісті.

«Біздің профессорларымыз бен ғалымдарымыз БАҚ-та көбінесе өздерінің кәсіптік бағыттары бойынша сарапшылар ретінде көрінеді. 2012 жылы университет студенттерінің және қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған түсірілімдер мен сұхбаттасуларды жүргізуге байланысты бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан 200-ден астам сұранысты қанағаттандырды. Яғни, білім ордасы БАҚ-пен байланыста көш бастап тұр деуге болады», - деді Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаментінің өкілі Динара Құсаин. 

Еуропалық қоғамның Орталық Азия зерттеулеріне арналған конференция алғаш рет 1987 жылы Ұлыбританияда Лондонда Шығыстану және африканистика мектебінде өткен. Содан бері бұл іс-шара әлемнің 11 елінде екі жылда бір рет өткізіледі. ESCAS конференциясы Орталық Азияда, атап айтқанда Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осының алдындағы конференция 2011 жылы Ұлыбританияда Кембридж Университетінің жанында өткен. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109