1984

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында 4700-ден астам студент тегін оқытылады

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 15 бағыт бойынша және 4752 орынға 49 ең қажетті мамандықтар бойынша қалыптастырылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 1050 орын. Бұл туралы «Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) колледждеріне түсу туралы» брифингте мәлім етілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Білім басқармасы өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 100 орынға ұлғайғанын жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 2025 жылға дейін жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білім беру қызметтері 34 колледжде ұсынылады. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 25-і – жекеменшік. 26 492 студент қамтылған, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 14 085 адам.

«Дайындық 77 мамандық және 122 біліктілік бойынша мынадай бағытта жүргізіледі: сервис және қызмет көрсету – 20,4%, білім беру – 11,5%, медицина – 14,5%, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, техника – 9,3%, энергетика және көлік – 9,1%, өндіріс, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) – 12,6%, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар – 13,8%», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Оның айтуынша, елордада білім беру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері мен қызмет көрсету, құрылыс, коммуналдық-шаруашылық қызметтері саласындағы жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып келеді. Осыған сәйкес, биыл осы сұранысқа ие қызмет салаларына кадрлар даярлауға арналған орындар саны артты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109