2665

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері күніне орай балалар суретінің челленджі өтті

Елордалық бүлдіршіндер коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің бейнесін салды. Бұл челлендж Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылып, алдағы медицина қызметкерлері күніне арналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балалар сурет арқылы денсаулық сақтау туралы көзқарасын, әртүрлі аурулардан қалай сақтану керектігін жеткізді.

Кішкентай Амелия өзінің суретінде баланы әртүрлі вирустан қорғайтын дәрігерді бейнелеген. Осылайша дәрігерлер халықты аурудан құтқаратынын көрсеткісі келді.

«Олар бізді түрлі аурудан қорғап, қамқорлық жасайды. Суретте мені емдеп, аурудан қорғайтын анамды бейнеледім», - дейді №6 қалалық емхана қызметкерінің бүлдіршіні.

Тағы бір суретте жедел жәрдем көлігін бақылап тұрған кішкентай бала бейнеленген. Белгілі болғандай, Алпат "103" қызметінің шақыртуға кетіп бара жатқанын көріп, естен кетпес әсерде қалған.

«Тереземнен «103» саны бар машинаның сиренасын қосып, бір жерге асығыс кетіп бара жатқанын көрдім. Жанымда тұрған ағам жағдайы мүшкіл науқастарға баратынын айтты», - дейді Алпат.

Алпаттың ата-анасы №2 көпсалалы қалалық ауруханада жұмыс істейді.

«Ұлымыз жедел жәрдем бригадасын «супер қаһарман» деп атайды. Ол адамдарды құтқарады деп санайды. Оның мұндай түсінігіне қуанып, дұрыс ойлайтынын айтамыз. Ұлымыз үшін олар нағыз батыр болсын», - дейді Әмина есімді анасы.

2-сынып оқушысы Айбота ақ халаттағы кішкентай қызды салған. Оның анасы елордалық аурухананың қызметкері. Анасы қызының болашақта дәрігер болуды армандайтынын айтады.

«Ол өзін бейнеледі. «Анашым, мен сен сияқты боламын» дейді. Бұл балалық арманы болғанмен, кім біледі, мүмкін отбасымызда тағы бір дәрігер өсіп жатқан болар», - дейді ол.

Суреттер челленджі 3-10 жас аралығындағы балалар арасында өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109