2437

Елордада «Bus Lane» жолағы тағы екі көшеде іске қосылады

Елордада 20 маусымнан бастап Ұлы дала даңғылы бойында Мәңгілік Ел даңғылы – 38 көшесі бөлігіндегі екі бағытта «Bus Lane» жолағы іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Күн сайын онда 5 бағдар жүреді: № 15, 15а, 35, 54, 60. Бұл – 53 бірлік автобус.

Сонымен қатар, 26 маусымнан бастап Абылай хан даңғылындағы Пушкин көшесі мен Мұстафин көшесінің бөлігінің екі жағындағы арнайы жолақ өз жұмысын бастайды. Ол жермен 29 бағдар жүреді (22 қалалық және 7 қала маңы): № 5, 5A, 8, 9, 11, 13, 14, 15, 15A, 18, 22, 22A, 23, 28, 31, 33, 40, 48, 60, 72, 73, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322. Барлығы – 259 автобус.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің полиция департаментімен бірлесіп Тұран даңғылы бойынша Қонаев көшесі мен Сарайшық көшесінің оң жағалау бағытындағы бөлінген жолақты енгізу жоспарланып отыр. Онда 9 бағдар жүреді: №№ 12, 32, 35, 46, 50, 53, 300, 305, 312. Барлығы – 101 бірлік автобус.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырдан бастап Тұран даңғылында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген «Bus Lane» жолағы іске қосылды. Аталған учаскеде 5 бағдардың қозғалысы үшін артықшылық жасалды. Ол: №40, 50, 51, 53, 61.

Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында «Bus Lane» жобасы ұзындығы 57,2 км болатын 22 жол учаскесінде жүзеге асырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109