1253

Нұр-Сұлтанда олимпиадалық құрамның спортшылары КВИ-ге қарсы вакцина алды

Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Олардың арасында танымал мәдениет, спорт қайраткерлері, қоғам қайраткерлері мен ірі еңбек ұжымдары бар. Жақында елорданың егу пункттерінің бірінде олимпиадалық құрамның спортшылары вакцинация қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

КВИ-ге қарсы вакцина алғандардың ішінде – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова отандық QazVac препаратын таңдаған.

«Қазіргі уақытта ХОК-тың вакцинация алу туралы талабы жоқ. Бәрі спортшылардың қалауы, жауапкершілі. Себебі ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үлес қосу әркімнің жеке шешімі», - деді спортшы.

Олимпиада жүлдегері отандық вакцинаны салдырғаннан кейін ешқандай ауырсыну болмағанын айрықша атап өтті.

Вакцина алған споршылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан чемпионы Диана Каюмова да болды:

«Халық вакцина қабылдағаннан кейін өзін жақсы сезінеді. Мен де вакцина алу туралы шешім қабылдадым».

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Азамат Хамзин әріптестерінің ұжымдық иммуннитет пен халық алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін айтып, барша спортшы маусым айының соңына дейін 100% вакцина алатынын мәлімдеді.

«Бізде қазір біраз спортшы екпе салдырды. Денсаулықтары жақсы. Ешқандай өзгерістер болған жоқ. Жаттығуларын тастамай, өз уақытында, режим бойынша айналысып жатыр. Ешқандай кемшілік болған жоқ. Әріптестеріміздің 50%-ы вакцина қабылдады. Кейбірі жақында ауырғандықтан вакцина қабылдамау туралы шешім қабылданды. Менімен бірге біздің 5 қызметкеріміз келді. Маусымның аяғына дейін 100% өтеміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл әркімнің өз жауапкершілігі, өз қалауы. Ешкімге міндеттемейміз. Спортшылар да, жаттықтырушылар да өз еркімен алып жатыр», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ге қарсы 100-ден астам егу пункті ашылды. Олар БМСК мекемелерінде, ірі сауда ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде орналасқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елордада коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 179 859 адам, 2 компонентін 126 238 қала тұрғыны қабылдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109