1127

Елордада «Ашық аспан астындағы кітапхана» өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы алдағы сенбі, яғни 19 маусым күні де жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс қатысады. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, ән де айтылмақ.

Айта кетейік, елордамызда алғаш рет «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» бастау алған болатын. Алдағы жаз маусымына арнайы ұйымдастырылған бұл іс-шара әр сенбі сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

«Ашық аспан астындағы кітапхана» әдеттегідей Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясында өтеді. Басталуы сағат 11:00-де.

Аталған іс-шара қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109