1697

Астанада Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІ слеті өтеді

Елордада 9-10 тамызда Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІ слеті өтеді. Іс-шара «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына орайластырылып отыр.

Елордада 9-10 тамызда Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІ слеті өтеді. Іс-шара «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына орайластырылып отыр. Бұл туралы astana.kz сайтына Халықаралық бағдарламалар орталығынан хабарлады.

Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының слеті Астанада жыл сайын ұйымдастырылады. Ол жастардың әлеуметтік және рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасауға, ілгерішіл жастарды мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін шешу үшін шоғырландыруға, сонымен қатар, білім және ғылым, мәдениет, технология салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бағытталған.

Биыл слет жұмысына шетелдердегі 60 қазақстандық студенттік ұйымдардан 300-ден астам делегат, жастар саясаты мәселелері жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, студенттік ұйымдардың көшбасшылары мен белсенділері, индустриалды-инновациялық даму, білім және технология саласындағы қазақстандық және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысады.

Слет бағдарламасы аясында жастардың тұлға ретінде қалыптасу жолындағы мәселелер, мемлекеттің дамуының негізгі басымды бағыттарына сәйкес, студенттердің білім, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мүдделерін Қазақстанда және шетелдерде жылжыту бойынша тренингтер, дөңгелек үстелдер, шеберлік дәрістерін өткізу жоспарланған.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитеті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Нұр Отан» ХДП саяси менеджмент мектебі, «Жас Отан» жастар қанаты, «ҚР Президентінің Халықаралық стипендия стипендиаттар қауымдастығы» ҚБ, Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы, «Үлес-2020» ҚҚ ұйымдастырып отыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109