1834

Астанада Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамының конференциясы өз жұмысын аяқтады

2013 жылғы 4-7 тамыз аралығында Астанада Назарбаев Университетінде Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамының (ESCAS) кезекті ХІІІ конференциясы өтті.

2013 жылғы 4-7 тамыз аралығында Астанада Назарбаев Университетінде Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамының (ESCAS) кезекті ХІІІ конференциясы өтті.

Конференция қорытындысы бойынша ESCAS Төрағасы қызметіне алғаш рет Еуропаға жатпайтын елдің өкілі - ҚР БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссия мүшесі Меруерт Әбусейітова тағайындалды.

«Бұл қызметті бұған дейін Ұлыбритания өкілі Александр Моррисон атқарған болатын», - деп хабарлады ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиядан.

Кәрі құрлықтың көрнекті ғалымдарының тарапынан осындай сенімге ие болу және өзін мойындату қазақстандық ғылымның ілгері дамығанының белгісі болып табылады.

Еске салайық, іс-шараға Азия, Еуропа және Солтүстік Американың 16 елінен 200-ден астам өкіл қатысты. ESCAS конференциясы Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізілді.

ESCAS 1985 жылы Нидерланды, Германия, Франция, Ұлыбритания, Дания және басқа да еуропалық елдердің Орталық Азияны зерттеумен айналысатын көрнекті ғалымдарының тобымен құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты - еуропалық ғалымдардың бірлескен зерттеулерін және аймақтың өзінің ғылыми қоғамдастығын Орталық Азия бойынша жылжыту болып табылады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109