2240

Елорданың Студенттер саябағына көше спортына арналған шағын кешен орнатылады

NS street life көше спортына арналған кешен (колизей) Мұңайтпасов көшесіндегі Студенттік саябаққа орнатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше спортына арналған екі деңгейлі мультифункционалды арена бұқаралық спортты дамыта түспек.

Онда баскетбол, футбол, бокс турнирлері мен би жарыстарын өткізу жоспарлануда. Ал қыста трибуна мұз айдынына айналуы мүмкін. Оны орнату жұмыстары басталып кетті. Спорт әуесқойларына арналған жаңа орын шілде айында ашылмақ.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, жайлы қалалық орта, оның ішінде көше спортын насихаттау үшін инфрақұрылым салу қолға алынды. Мұндай алаңдардың әрбір ауданда болуы үшін полицентрлік қағидат ескеріледі»,-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

NS street life көше спорт аренасында төрт кіреберіс, оның ішінде айнала отыратын орын болады. Екінші деңгейде көлеңкелі шатырлар қарастырылған. Бірінші деңгейде отыратын орындар саны – 350 адам, екінші деңгейде – 100-ге жуық.

«Бос аумақтар – спорт үшін ең қолайлы орын. Ал Ататүрік атындағы саябақта йога алаңы ұйымдастырылады. Көше спорты колизейінің іші мен сыртында бірнеше жарысты қатар өткізуге болады», - деп атап өтті Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында биыл 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109