2522

Елорданың теміржол вокзалына Ashyq жүйесі арқылы ғана кіруге болады

Нұр-Сұлтан қаласының темір жол вокзалында коронавирустың таралу қаупін азайту үшін Ashyq жобасы енгізілді. Енді ғимаратқа QR-код сканерленгеннен кейін ғана кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Теміржол вокзалының кіреберісінде QR-код сканерлейтін Ashyq жүйесі жұмыс істейді.

«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін 2021 жылдың 14 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан теміржол вокзалында Ashyq жобасы енгізілгенін хабарлаймыз. Кіру кезінде жолаушы QR-кодты ASHYQ.KZ, KASPI.KZ, AITY мобильді қосымшасы арқылы сканерлейді», - делінген хабарламада.

Егер қосымша орнатылмаған болса, кіреберісте вокзал қызметкеріне ЖСН көрсету қажет. Ал шетелдіктердің статусы паспорттың нөмірі арқылы тексеріледі. Бұл ретте 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді.

Теміржол вокзалына «қызыл» және «сары» статусы бар азаматтар кіргізілмейді. Сол себепті Ashyq.kz сайтындағы бейтарап код арқылы өз статусыңызды алдын ала тексеріп алуыңыз қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109