1627

Елордада қоқысты сұрыптау және шығару қалай жүзеге асырылады?

Елорда аумағы 24 учаскеге бөлінген, онда 15 000-нан астам контейнері бар 5 091 контейнер алаңы жайластырылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша кешенді жұмыстарды елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен «Clean City NC» ЖШС жүзеге асырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Күн сайын қала аумағынан 900-1000 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады.

Елордада 2018 жылдан бастап екі фракция – «дымқыл» (тамақ қалдықтары) және «құрғақ» (қағаз, пластик, шыны, металл) қалдықтар болып бөлек жинау жүйесі енгізілді.

Сары контейнерлерден сұрыпталған қалдықтарды ақ түсті қоқыс тасушы шығарады. Алаңның айналасындағы екі метр радиуста қоқыс іріктеледі. Жасыл және металл контейнерлерден қалдықтарды қызғылт-сары қоқыс тасушы шығарады. 

Қалдықтарды шығару күн сайын сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін екі ауысымда жүргізіледі. Жағымсыз иістердің таралуын болдырмау, кеміргіштердің, жәндіктердің пайда болуын болдырмау, экологиялық қауіпсіздік нормаларын бұзбау үшін және адам денсаулығы үшін контейнерлерді қауіпсіз дезинфекциялау құралдарымен жуу және өңдеу тұрақты негізде жүргізіледі.

Қала аумағында пайда болған барлық қалдықтар қоқыс өңдеу кешеніне шығарылады. Оның аумағында қалдықтарды қабылдауға арналған екі желі жұмыс істейді. Кешенде қалдықтар сұрыпталады, брикеттеледі және өңделеді.

Қайта өңдеуге жатпайтын брикеттелген ҚТҚ кейіннен көму үшін полигонға шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109