1836

Астаналық оқушы Мәскеуде өткен олимпиадада химия пәнінен алтын алды

Астана қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Әзім Аманжолов химия пәнінен алтын жүлде алды. Қазақстан құрамасы олимпиадада 4 жүлдеге қол жеткізді.

Астана қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Әзім Аманжолов химия пәнінен алтын жүлде алды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталықтан хабарлады.

«15-24 шілде аралығында Мәскеуде М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде химия пәнінен 45-ші Халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің 75 елінен 300-ге жуық оқушы қатысты» - делінген ақпаратта. 

Қазақстан құрамасы олимпиадада 4 жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, 14-24 шілде аралығында Якутск қаласында (Саха Республикасы Ресей Федерациясы) мектеп оқушыларының математика, физика, химия және информатика пәндерінен ХХ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өтті. Румыния, Индонезия, Моңғолия және Ресей өңірлерінің командалары мен Қазақстан құрамасы бас жүлдені сарапқа салды.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар аталмыш олимпиадаға 10 жылдан бері қатысып жүр.

Биыл ел құрамасының сапында №54 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Меруерт Қуанышбек, №56 мектеп-лицейдің 10-шы сынып оқушысы Тасқын Есболат және №66 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Бақдаулет Сейфуллин өнер көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109