2120

Астанада олимпиадалық резерв мектебіне спортшыларды қабылдау басталды

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв интернат-колледжіне 2013-2014 оқу жылына балалар мен студенттерді қабылдау басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру агенттігінен хабарлады.

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв интернат-колледжіне 2013-2014 оқу жылына балалар мен студенттерді қабылдау басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру агенттігінен хабарлады.

10-20 тамыз аралығында колледж студанттері «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша құжаттар тапсырады. Емтихандар 21-24 тамыз аралығында өтеді. Студенттерді қабылдау спорт түрлері және біліктілігі бойынша жүргізіледі: ауыр атлетика, бокс, велоспорт, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, байдарка және каноэмен есу, жеңіл атлетика, жүзу, футбол (әйелдер), таэквондо.

Ал оқушылар 21 тамызда құжаттарын тапсырады. Ауыр атлетика, бокс, баскетбол, велоспорт, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, байдарка және каноэмен есу, жеңіл атлетика, жүзу, көркем гимнастика, футбол (әйелдер), таэквондо, садақ ату, конькимен жүгіру спорты, шорт трек, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлері бойынша емтихан 21-24 тамыз аралығында өтеді.

Еске салайық, астаналық Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты 1972 жылы ашылған. Содан бері мектепте еліміздің түрлі спорт құрамалары үшін спорттық резерв дайындалып келеді.

«Еліміздің көптеген танымал спортшылары осы мектеп-интернаттың қабырғасында білім алып, үлкен спорттағы алғашқы қадамдарын жасаған. Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары, Әлем және Азия жүлдегерлері Шамиль Серіков, Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ыбрайымов, Мәулен Мамыров, Ольга Шишигина, Владимир Новиков, Валерий Люкин, Валерий Тихоненко, Ислам Байрамуков, Әсет Иманбаев, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов, Ербол Қоныратов және т.б. Бұдан басқа, Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен Қазақстанның құрама командасының мүшелері Дархан Баяхметов, Алмат Кебіспаев, Тимур Болат, Ільяс Сүлейменов, Анна Алябьева, Екатерина Руденко», - делінген ақпаратта.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109