1428

Шомылу кезеңі: елордада судағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Бүгінгі таңда елордада 23 шомылу орны анықталды, алайда олардың тек 3-еуіне ғана рұқсат етілген. Қалғаны рұқсат етілмеген және қауіпті болып есептеледі. Шомылу маусымында судағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Есен Байыров айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спикердің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қайғылы жағдайларға және суда жарақаттануға жол бермес үшін қажетті іс-шараларды қарқынды жүргізуде.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында ТЖД күштері мен құралдары, 29 құтқарушы-сүңгуір, сүңгуірлік жарақтары бар 2 бірлік жедел-құтқару техникасы, 6 бірлік жүзу құралы (2 катер, 4 қайық) және басқа да құтқару жабдықтары пайдалануға дайын. Күн сайын рейдтік іс-шараларға 80-нен астам адам жұмылдырылады. Ал демалыс және мереке күндері қызметкерлер саны артады», - деді Есен Байыров.

Рейдтік іс-шаралар кезінде елорда тұрғындарымен және қонақтарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды ақпараттандыру мақсатында ТЖД әкімдікпен бірлесіп, 140 тыйым салу белгісі, 20 ақпараттық стенд және 20 жүзу белгісі шомылуға тыйым салынған орындарда орнатылды.

«Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 2020 жылдың шомылу кезеңінде 5 адам қаза тапты. Биыл шомылу кезеңі басталғанға дейін елорданың су айдындарында қайғылы оқиғалар болып, 3 адам (оның ішінде 1 бала) қаза тапты. Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда мас күйінде шомылу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру», - деп қосты спикер.

Еске сала кетейік, елордада 23 шомылу орны анықталды, оның 3-еуі ғана Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысына сәйкес рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109