1780

Елорданың 100-ден астам білім беру мекемесінде терроризмге қарсы дайындық сабағы өткізілді

Елордалық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық білім басқармасымен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылығымен және қызметкерлерімен терроризмге қарсы дайындық сабақтарын өткізді. «Zoom» платформасы арқылы өткен дәріске террористік тұрғыдан осал нысандарға жататын 100-ден астам білім беру мекемесі қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Онлайн-кездесуде терроризмнен қорғану жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушылар терроризм қатері кезіндегі іс-әрекеттерді және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын талқылады. Сол сияқты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету мәселесі талқыланды. Онлайн жиында терроризм туралы жалған хабарлама таратуға жол бермеу керек екені айтылды. Ол үшін ҚР ҚК 273-бабы бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші курс студенттері үшін профилактикалық онлайн-кездесу өткізілді. Тәртіп сақшылары жастар арасында деструктивті идеялардың алдын алу, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

«Бұл дәрістің мақсаты жастар арасында деструктивті идеялардың алдын алу, сондай-ақ діни сауаттылық деңгейін арттыру болып саналады. Қоғамда, ең алдымен жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуге, сондай-ақ халықтың бойында зайырлы мемлекеттің дәстүрлеріне, мәдениеті мен құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруға ерекше назар аударылды», - деп түсіндірді қалалық ПД.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109