1796

Елордада жастарды әлеуметтендіруге арналған жоба жүзеге асып жатыр

Биыл 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы әзірленіп, іске қосылды. Бұл бағдарлама Жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Transformation» жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

NEET санатындағы жастар дегеніміз – жұмыс істемейтін (жұмыссыздар және жұмыс күшінен тыс адамдар), білім алумен немесе кәсіптік оқытумен айналыспайтындар, білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту сферасынан тыс жастар санаты.

«Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастарды қолдау орталығы ашылды. Мұнда біз NEET санатындағы жастармен жұмыс істейміз. Олар 18-29 жас аралығында. Бұл санатқа оқу ақысын төлеуде қиындық туындаған жастар, фрилансер секілді жастар жатады. Орталықта семинар-тренингтер, қысқа мерзімді курстар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Құқықтық және психологиялық кеңес беріліп, жастар жұмысқа орналастырылды», - дейді Жастарды қолдау орталығының әлеуметтік қызметкері Әсем Оралханова.

2021 жылдың бірінші тоқсанында NEET жастарының республикадағы үлесі 6,8%-ды құрады. Елордада 2021 жылдың бірінші тоқсанында NEET жастарының үлесі 7%-ды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен жоғары (2020 жылдың бірінші тоқсаны – 6,9%).

«Орталығымызда қазақ, ағылшын, араб тілдерін, сол сияқты жол қозғалысы ережелерін, гитарада ойнауды үйрететін тегін үйірмелер бар», - дейді Жастарды қолдау орталығының заңгері Ерік Қожахметов.

Сол сияқты қылмыстық-атқару жүйесі департаменті орталыққа мамандандырылған көмекке мұқтаж жастар жіберілетінін хабарлады.

«Жастарды қолдау орталығымен бірлесіп, үлкен жұмыстар атқардық. Олардың көмегімен колледжге оқуға түстім, жұмысқа орналастым. Рухани тұрғыдан күш-жігер алдым. Қазір өзіме жаңа орта таптым», - дейді жоба қатысушысы Дарина Ескендірова.

Жыл басынан бері орталыққа NEET санатындағы және пробация қызметінің есебінде тұрған 18-29 жас аралығындағы 140-тан астам адам қабылданды.

Орталық Абай көшесі 92/3 мекенжайында орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109