1447

Нұр-Сұлтанда NEET санатындағы жастармен жұмыс жөнінде өткен тренингтер аяқталды

Жастар саясаты саласындағы қызметкерлерге арналған NEET санатындағы жастармен жұмыс тұрғысында семинар-тренингтер өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Үш күнге созылған семинарға осы санаттағы жастармен тікелей жұмыс істейтін қаладағы түрлі ұйым өкілдері қатысты: «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы (оның құрамында NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімі құрылды), Жастар Қолдау орталығы («Право» ҚҚ), Жұмыспен қамту, білім беру орталықтары, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ, жастар саясаты мәселелері басқармасы, еріктілер және т.б.

Айта кетейік, NEET санатындағы жастар дегеніміз — жұмыс істемейтін (жұмыссыздар және жұмыс күшінен тыс адамдар), білім алумен немесе кәсіптік оқытумен айналыспайтындар, білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту сферасынан тыс және жастардың еңбек нарығындағы әлеуетті көзі. 

Тренинг бағдарламасы аясында қатысушылар NEET жастар санаттары, топтары мен әдістемелері туралы білді. Қалалық, республикалық және халықаралық әлеуметтік зерттеулерге негізделген NEET жастарының портреті құрылды. Сәйкестендіру және тіркеу әдістемелері, сондай-ақ NEET жастармен жұмыс істеудің халықаралық тәжірибесі қарастырылды. Сондай-ақ жастарға қызмет көрсетуді дамыту әдістері зерттелді.

Жалпы, семинар-тренинг бағдарламасы Жастар ғылыми-зерттеу орталығы жасаған NEET санатындағы жастармен жұмыс әдістемесін практикалық қызметке жақсырақ түсінуге және енгізуге ықпал етеді. 

Семинарлар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, сонымен қатар «Ashyq» қосымшасын қолдану арқылы өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада жастар кеңес пен көмекке жүгіне алатын бірнеше орталық бар:

1. Жастарды қолдау орталығы: Абай даңғылы, 92/3.

2. Ескі теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан жастарға қызмет көрсету орталығы, Гете к-сі, 1.

3. «Астана жастары» КММ ЖРО, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат.

4. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша жұмыспен қамту орталығы,  Бейбітшілік к-сі, 25.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109