1616

«Астана-Зеленстрой» кәсіпорнының қызметкерлері қандай еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілген

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында  ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ құрамына кіретін «Астана-Зеленстрой» ЖШС жұмысшылары жергілікті кәсіподағының жұмысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі — елорданы көгалдандыру. Кәсіпорынның құрылу тарихы 1950 жылдан басталады. Кәсіподақ ұйымы құрылған күннен бастап жұмыс істейді.

Серіктестікте 1056 адам жұмыс істейді, оның 710-ы — кәсіподақ мүшесі, бұл жалпы жұмысшылар санының 68%-ын құрайды. «Астана-Зеленстрой» ЖШС-да 2020-2022 жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт бар.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Рүстем Тоққожаевтың айтуынша, кәсіподақ ұжымдық келісімшарт арқылы қосымша өтемақы және ынталандыру сыйақылары мен үстемелер сияқты жеңілдіктерді белгілеуге қол жеткізді. Мысалы, көлік құралдарының сынып жүргізушілері мен машинистеріне, бригада басшылығына және уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындағаны үшін жалақының 10-нан 25%-на дейін қосымша төлем жасалады. Сонымен қатар, жасыл желектерді қорғау барысындағы зиянды еңбек жағдайлары үшін қызметтік жалақының 16% мөлшерінде қосымша төлем қарастырылған.

«Кәсіпорындағы бонустар жүйесі ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған сыйақыларды, нәтиже көрсеткіштері үшін сыйақыларды және қысқа мерзімде жұмыстың үлкен көлемін жүзеге асыруды, бір жылға арналған сыйақыны қарастырады. Соңғы 12 айда барлық қызметкердің жалақысы бірнеше есеге артты.  Қызметкерлерге еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер толық көлемде және уақытында төленеді», — деді кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Кәсіпорын барлық жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелері сақталады.

Кәсіпорын қызметкерлері арнайы киіммен және аяқ киіммен, құралдармен, алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен, сүтпен, қорғаныс құралдарымен, техникалық құжаттармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен бірге жаңадан қабылданған жұмысшыларға егжей-тегжейлі түсіндіру өткізіледі.

Қызметкерлердің балалары үшін балалардың демалыс лагерлеріне жолдамалар, жаңа жылға сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ, жыл сайын кәсіпорын басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп, көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ақшалай, азық-түлік, киім-кешек, кітап және т.б. түрінде атаулы, әлеуметтік көмек көрсетеді.

Кәсіпорын өзінің ардагерлері мен зейнеткерлерін, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын және оларға теңестірілген жандарды есінен шығармайды, жыл сайын қарттар күніне дастархан жайып, қаржылай қолдау көрсетеді.

ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақ мүшелеріне бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында өткізілген «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

«Акция аясында күн сайын біз еңбек ұжымдарымен кездесеміз.  Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстарын жинайды. Біз түйткілді проблемаларды барлық деңгейлердегі әлеуметтік әріптестерге жеткізу үшін жүйелендіруге, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізуге ниет білдіреміз», - деді Нұрлан Өтешев.

Өз сөзінде ол жергілікті кәсіподақ ұйымының жұмысын жоғары бағалап, жұмысшыларға үлкен еңбектері үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109