1656

Елордалық жассарбаздықтар дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

2021 жылғы мерекелік күнтізбелер кестесіне сәйкес, медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы, «Хан шатыр» ойын сауық орталығына барып, «Вакцина пунктерінде» жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне гүл шоқтарын сыйлап, мерекемен құттықтады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысы ауырлай түсті. Ақ халатты абзал жандарымыз, тіпті 24 сағат жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұның бәрі, әрине халықтың денсаулығын ойлағандықтан. Еліміздің әрбір медицина қызметкерін құрметтеуіміз керек деп ойлаймын. Бүгін «Жас Сарбаз» ұйымы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының тәрбиеленушілері, шын ниеттерімен келіп осы вакцинацилау пунктіндегі медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді», — деді Асхат Налшыбек. 

Өз кезегінде ақхалатты абзал жандар ықыласы мен жылы лебізі үшін алғыстарын білдірді.

«Құрметті,«Жас Сарбаздар» сіздерге көп-көп рахмет! Бізді осылай елеп-ескеріп мерекемізбен құттықтағандарыңызға алғыс білдіреміз. Бақытты болыңыздар! Дендеріңіз сау болсын, өздеріңдей патриот азаматтар мен азаматшалар көп болғай!» — деп медицина қызметкері Айгүл алғысын білдірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109