1830

Алтай Көлгінов пандемия уақытындағы жұмысы үшін дәрігерлерге қалай алғыс айтуға болатынын айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов медицина қызметкерлері күні қарсаңында ақ халатты мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап,«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалін, алғыс хаттарды табыс етті. Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Медицина қызметкерлері барлық заманда батыр болды, қазір де қаһармандар болып қала береді. Олар мыңдаған адамның жанын арашалап, сансыз сағатын кезекшілікте өткізді, әр пациент үшін күресті. Әр пациенттің науқасы үшін жүректерін ауыртты. Медицина қызметкерлері қазіргі өздері үшін қиын кезеңде үнемі жанымызда болып, қамқорлық көрсетеді.

Медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтадым. Сондай-ақ оларға "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалін, алғыс хаттар табыстадым. Олардың әрқайсысы құрметке және алғысқа толы жылы сөздерге лайық.

Локдаун кезеңі бәріміздің есімізде. Сол уақытта қала аумағында блокбекеттер орнатылып, қалада жүруге шектеулер қойылды. Бұл кезеңде денсаулық саласында ауыр салмақ түсті. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен мемлекеттің жедел қабылданған шаралары арқасында қала қалыпты өміріне біртіндеп орала бастады.

Медицина қызметкерлерінің иығына түскен ауыр жүкті ешкім ұмыта қойған жоқ: олар тәуліктер бойы туғандарын көрмей, оқшауланып өмір сүрді, бетпердені сағаттап шешпегендіктен, келбеттерінде соның ізі білінетін. Осындай жағдайдың қайталанбауы бәріміз үшін маңызды. Пандемия жағдайынан жылдам шығуына әрқайсымыз жауаптымыз. Медицина қызметкерлеріне қаншалықты жүк түсетіні бізге байланысты. 

Вакциналау есебінен ұжымдық иммунитет қалыптастырып, санитарлық нормаларды сақтасақ, бұл біздің дәрігерлерімізге деген қамқорлығымыз болады.

Мемлекет басшылығы медицина қызметкерлерін қолдауға айрықша көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуды жалғастырамыз: медицина мекемелерін қосымша қондырғылармен жабдықтаймыз, жаңа емханалар мен ауруханаларды салып, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, кезең-кезеңімен жалақыны өсіреміз, медицина қызметкерлеріне сыйақыны үзбейміз, олардың мәртебесін көтереміз, т. б. маңызды жұмыстарды атқарамыз», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109