1861

Еңбектеріңіз үшін мың алғыс: Алматы ауданының үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында «Жетісу» саябағында Алматы ауданының дәрігерлері мен медбикелеріне құрмет көрсетілді. Үздік 32 медицина қызметкеріне аудан әкімінің грамотасы табысталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет денсаулық сақтау саласына үлкен қолдау көрсетуде. Медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесі артып, қолайлы жұмыс жағдайлары жасалуда. Бұл ары қарай да жалғасады. Пандемия жағдайында алдыңғы шепте күрестіңіздер. Отбасыларыңыз күндіз-түні жұмыс істегендеріңізге түсіністікпен қарағанына алғыс білдіремін. Біздің денсаулығымыз сіздердің қолдарыңызда. Дені сау ұлт —мықты мемлекет. Бүгін мұнда нағыз кәсіпқойлар, өз ісінің тәжірибелі мамандары жиналды, олар өз үлгісімен осы саланың мерейін арттырады және медицинаның нағыз өкілі қандай болу керектігін көрсетеді», — деп атап өтті Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов.

VII шақырылған мәслихат депутаты, №6 қалалық емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина да әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Өзім де дәрігермін, сондықтан қандай қиындықтан өткенімізді білемін және түсінемін. Өткен жылы мерекемізді тіпті есімізге де түсіре алмадық. Себебі науқастарды күндіз-түні емдеумен жүрдік, оларға оттегі іздедік. Алматы ауданының әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге денсаулық, сүйікті істеріңізге адалдық және қызметтеріңізде өсіп-өркендеу тілеймін. Елордалық медицина үлгілі болуы керек. Әрбір жүректің қанайналымы жақсы болғанын, оттегімен қаныққанын тілеймін!» — деп атап өтті ол.

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концертімен жалғасты.

Айта кетейік, жақында оркестр ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының, ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың медицина қызметкерлері мен пациенттеріне, сондай-ақ Алматы ауданы медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне концерттік бағдарлама ұсынды.

Концерттік бағдарламаға эстрадалық-симфониялық ансамбльдің әртістері, Президенттік оркестрдің ән және эстрада ансамблінің солистері қатысты. Мерекелік іс-шараны Президенттік оркестрдің үрмелі оркестрінің музыканттары ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109