1718

Кальян ұсынады, тыйымдарды елемейді: Елордалық төрт мекеме карантин режимін бұзды

Өткен тәулікте, яғни 18 маусымда елорданың мониторингтік топтары карантин талаптарын бұзған төрт кәсіпкерлік нысанды анықтады. Ескертулер беріліп, жауапкершілікке тартылғанына қарамастан елорда мекемелері адам денсаулығына қауіп төндіре отырып, карантинді жүйелі бұзып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының мониторингтік тобы «Cabera» гриль-барының жұмыс режимін бұзғанын анықтады. Мекеме сонымен қатар кальян шегу қызметін ұсынған. Кальян шегуге қатаң тыйым салынғанын айта кеткен жөн.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Game Zone» компьютерлік клубы жұмыс істеуіне салынған тыйымға қарамастан қызметін тоқтатпаған.

Алматы ауданында тағы екі мекеме — «Level» лаундж-бары мен «Celentano» рестро-бары карантин режимін сақтамады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сол себепті елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауы және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық дәрігердің ұсыныстарын ұстануы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109