1546

«Абзал жандар» Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өз саласы жайлы ой бөлісті

Қазақстанда маусым айының әрбір үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Әлемде дәрігер, медбике, сондай-ақ медицинаның өзге де қызметкерлері секілді адам өмірінде маңызды рөл атқаратын мамандық жоқ. Коронавирустың қиын шағында, жер беті індеттің таралуымен күресіп жатқан кезде «ақхалатты абзал жандар» алдыңғы шепте еңбек етіп жүргенін есте ұстаған жөн. Мереке қарсаңында елорда дәрігерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат беріп, өз саласының қыр-сыры жайлы ой бөлісті.

Қуаныш Құсмановтың қалалық №6 емханада хирург қызметін атқарып жүргеніне алты жылдың жүзі болды. Бала күнінде болашақ мамандығын таңдар сәтте қоғамға пайдалы болуды мақсат тұтқан көрінеді. Ал хирургия саласын таңдауына дәрігер Генри Марш ерекше әсер етіпті. 

«Студент күнімде Генри Марштың «Do No Harm: Stories of Life, Death and Brain Surgery» («Зақым келтірме: Өмір, өлім және ми операциялары туралы әңгімелер») кітабын орыс тілінде оқып шықтым. Бұл кітапта хирургия жолындағы білікті маман болып қалыптасуы, кездескен қиындықтары мен оны жеңу жолы жайлы баяндаған. Бұл Генри Марштың биографиялық кітабы еді. Міне осы кітап мамандық таңдауда, әсіресе хирургия жолын таңдауыма әсер етті», - дейді Қуаныш.

Қуаныш өз сөзінде медицинаның ең қиын әрі ауыр жолын таңдағанын, дей тұрғанмен Қазақстанның ғана емес, әлемнің үздік мамандарынан алған білімі жолында кездескен қиындықтарды жеңуіне септігі тиіп жатқанын айрықша атап өтті.

«Болашақта медицина дербестендірілген әрі жоғары технологиялы деңгейде болады және жасанды интеллект пен роботтандырылған манипуляциялар кеңінен пайдаланады деп ойлаймын», - деді Қуаныш Құсманов.

Біз сұхбат алған маманның тағы бірі – дәрігер-педиатр Аида Орындыбаева пандемия елімізге үлкен қиындықтар әкелгенін, алайда онымен күресіп жүріп отандық медицина әжептәуір дамығанын айтты.

«Ғаламдық пандемия кезінде медицинада уақытша қиындықтар болды. Бұл індет Қазақстанның ғана емес бүкіл әлем медицинасының дамуына әсер етті. Елімізде осы саланың нағыз мамандары жұмыс істейтінін мақтан етемін. Отандық медицинаның бір орында тұрмай, әртүрлі бағытта қарқынды дамып келе жатқанына бәріміз куәміз. Мысалы, отандық вакцинаны жасау мен өндіруді азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қазақстандық медицинаның үлкен жетістігі деп санаймын», - дейді ол.

Өз денсаулығын қатерге тігіп, пандемияның ауыр соққысына төтеп беру, әрбір науқастың өміріне жауапты болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Қалалық №2 емхананың ақылы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Анар Салықова медицина саласын жауапкершілігі жоғары мамандық деп санайды.

«Туыстарымның арасында дәрігер маманы жоқ. Ал осы салада еңбек ету бала күнгі арманым еді. Көкейімде отбасымызда бір дәрігер болу керек деген ой тұратын. Бірінші курста оқып жүргенімде-ақ дәрігер болу өмірлік міндетім екенін түсіндім. Еңбек жолымды ауылдық дәрігерлік амбулаториядан бастадым. Ауылда жұмыс істеу – кәсіби және практикалық тәжірибе алу ғана емес, осы саланың шебері болу, ауыл тұрғындарының сеніміне, құрметіне ие болу. Бұл ауыл дәрігеріне ең қажетті жайт», - деп жауап берді Анар Салықова.

Біз пікір алған «абзал жандардың» бәрі қызметтегі ең үлкен жетістігі – науқастардың емделіп, ризашылығын білдіріп, емханадан шығып бара жатқан сәті деген ойға тоқталды. 

Айта кетейік, «ақхалатты» мамандар күн сайын жүздеген адамның өмірін құтқарып, олардың денсаулығы үшін еңбек етеді. Елорданың денсаулық сақтау саласында 2800-ден аса дәрігер мен 5 800-ден астам орта медицина қызметкері қала тұрғындарының денсаулығы үшін қызмет етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109