1610

Елорданың кейбір мекемелері жұмыс режимін жүйелі бұзып келеді

Елорданың мониторингтік топтары өткен тәулікте бес кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіпкерлік нысандар арасында шектеу шараларының бұзылғанын анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.
Мәселен, өткен тәулікте, 19 маусымда Сарыарқа ауданында жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан "Советсткий" сыра бары мен "Факир" кафесі жұртшылықты қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Байқоңыр ауданында орналасқан "Все Свои" кафесі де осындай жазаға тартылды.

Алматы ауданының мониторингтік тобы "The DOM" бары жұмыс режимін бұзғанын, ал "Sova" караоке-клубында әлеуметтік қашықтық сақталмағанын анықтады.

Карантинді бұзушыларға қатысты жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша "қызыл" аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауы және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық дәрігердің ұсыныстарын ұстануы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109