1812

Елордада футболдан «AULA LIGASY» турнирі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында аула командалары арасында Есіл, Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында «AULA LIGASY» турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Ойынға 10-12 жас аралығындағы балалар қатысып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың қырыққа жуық футбол алаңы мен қаланың сырт аймақтарының аула алаңдарында өтетін жарыс тамыз айының соңына дейін жалғасады. Әр ауданнан іріктелінген команда жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алады.

Финалға жеткен команда Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің жүлдесіне ие болады.

Алғашқы кезеңде турнирдің қорытындысы бойынша командалар арасында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

«Бүгінгі ойын өте тартысты болды.
Бірінші орынды жеңіп алған балалардан үйренуге болатын нәрсе бар екен. Олардың пастары сенімді және мықты бомбардирі бар. Бірақ орын ала алмаған команда да жақсы ойнады. Оларда өз қақпасын мүмкіндігінше қорғауға тырысқан керемет қақпашы болды. Басқа командалардың ойынын көргенде, бұл біздің теледидардан көретінімізден еш айырмашылығы жоқ екенін түсіндім. Бүгінгі ойыннан өте жақсы әсер алдым, тіпті күн сайын ойнаймын деген ойдамын», — деді Есіл ауданы турнирінде екінші орын алған «Сенім» командасының мүшесі Адис Талғатов.

Елорда тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізу үшін ұйымдастырылып жатқан шараға ата-аналар да жоғары баға берді.

«Ойын өте жақсы өтті, футбол алаңы қазіргі стандартқа сәйкес жақсы жасалған, ойынға қатысқан балалар бақытты. Қарсыластар мықты болды, бұнымен ештеңе істей алмайсың. Сонда да балалар үлкен жетістікпен жүлделі орынға ие болды. Ең бастысы, балалар қуанышты және оларға сыйлықтар ұнады. Осындай іс-шаралар көбірек ұйымдастырылса балаларымызға үлкен тәжірбие болады деп ойлаймын. Матчтан кейін біздің жігіттер үлкен әсер алды. Жалпы, бүгінгі жарыстың барысы маған өте қатты ұнады, өзімнің балалық шағым есіме түсті десем де болады» - деді "Жағалау" командасының өкілі Асан Нұрмағамбетов.


Турнирдің алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижелері:
Есіл ауданы
1 орын - Jagalau;
2 орын - Сенім;
3 орын - Жағалау;

Сарыарқа ауданы
1 орын - Spartans;
2 орын - Нұресіл;
3 орын - Көкжал;

Байқоңыр ауданы
1 орын - Бүркіт;
2 орын - Жігер;
3 орын - Арнау;

Алматы ауданы
1 орын - Мирас;
2 орын - Лидер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109