1503

Елордада 100 адамға арнап үйлену тойын өткізген мейрамхана анықталды

Елордада шектеу шараларын елемей отырған кәсіпкерлік нысандары әлі де бар. Мониторинг кезінде 100 адамға арнап өтіп жатқан той анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 20 маусымда елорданың мониторингтік топтары карантиндік шектеулерді бұзған 10-ға жуық мекемені анықтады.

Мәселен Байқоңыр ауданында орналасқан "Сері" тойханасында ұжымдық іс-шара өткізілді. Ал Алматы ауданындағы "Versal 777" 100 адамға арнап үйлену тойын өткізгенін анықтады. Сондай-ақ, "Панаехали" барында карантин талаптары бұзылғаны белгілі болды.

Сарыарқа ауданында орналасқан "Brio" караоке клубы жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған.

Есіл ауданында "Infornо" мейрамханасы, "Alanya" караоке-мейрамханасы, "Текила" бары, "Аura" түнгі клубы есігін жауып алып, жабық есіктің ар жағында жұмыс істеді.

Ал "The Kitchen" мейрамханасы мен "Star Pub" барының қызметкерлері маска режимін сақтамады.

Карантинді бұзушыларға қатысты жиналған материалдың бәрін әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауы және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық дәрігердің ұсыныстарын ұстануы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109