1496

Елордада «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК — АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конференция барысында Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жылдың үздік түлегі-2021» және «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

«Жылдың үздік түлегі-202» республикалық байқауының талаптары бойынша үздік деп танылған 80 студент марапатталды. Оған қатысуға республиканың жоғары оқу орындарының 320 түлегі өтінім берді.
Сондай-ақ, 2 300 адамның ішінен іріктеуден өткен «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының 100 жеңімпаз студенті марапатталды.
Конференцияға отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109