1213

Елорда полицейлері «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын іске қосты

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ азаматтардың полицияға сенім деңгейін арттыру мақсатында маусым айының соңына дейін «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оған елорда аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмылдырылады.

Іс-шаралар кешені аясында елордалық тәртіп сақшылары бүгін «Аружан» СОО-да «Ақ лента» акциясын өткізіп, орталыққа келушілерге символикалық ленталар таратты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті биыл 21-30 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізіп жатыр. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері «Аружан» сауда ойын-сауық орталығында «Ақ лента» акциясын бастады. Оның басты мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару. Әйел адамға, қыз балаға ешқандай зорлық-зомбылық жасалмауы керек», — деді қалалық Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Шрахметова.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде халықты жеке қабылдау арқылы мобильді акциялар ұйымдастырылады.
Бұдан басқа, ауқымды акция аясында кәсіпорындар мен ұйымдарда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізілетін болады.

Азаматтар көп жиналатын жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына билбордтар мен плакаттар орналастырылған.

Іс-шараларды өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109