1775

Елорданың сауда орталықтарында вакцинацияланғандарға тұрмыстық техника мен жеңілдік купондары беріледі

Қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін сауда-ойын-сауық орталықтары коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға бағалы сыйлықтар мен жеңілдік купондарын таратуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, "Азия Парк" СОО-да аптасына үш рет тұрмыстық техника, яғни шаңсорғыштар, жылдам қыздыратын пештер, миксерлер, тостерлер, кофеқайнатқыштар секілді түрлі бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіледі. Бұдан басқа компьютерлік техника — принтерлер, USB флэшкілері мен компьютерлік тінтуірлер, сондай-ақ киім мен аяқ киімге арналған жеңілдік сыйлық сертификаттары ойнатылады.

"Mega Silk Way" СОО-да вакцинаны алғаннан кейін әкімшілік мұз айдынына баруға сертификаттар береді, ол бір жыл бойы жарамды. Ал Actual Optic бренд өнімдерін сатып алуға 10% жеңілдік ұсынады.

Marrone Rosso мекемесі және SADU мейрамханасы вакцинацияланғандарға кофе мен круасандар береді.

"Сарыарқа" СОО-да вакцина алған азаматтарға "Костюм" дүкенінен киім және Actual Optic дүкенінің өнімін сатып алуға 5-тен 10% - ға дейін қосымша жеңілдік беріледі, сондай-ақ СОО әкімшілігі 5 мың теңгенің купонын сыйлайды.

Kinopark кинотеатрлар желісі билет сатып алуға жеңілдік береді.

"Абу-Даби Плаза" СОО-да косметика сатып алуға 5-тен 30%-ға дейін және фуд-корт өніміне 10%-ға дейін қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

"Керуен" СОО вакцина алған кезде фуд-корттарда тегін тамақ береді.
"Еуразия" СОО-да халықты вакцинациялау науқанын қолдау үшін кәсіпкерлер Glasman маркалы костюмдері мен CORNER19 брендтік өнімдеріне 5%-ға дейін қосымша жеңілдік ұсынады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакциналардың бірінші компонентін 185 мыңнан астам адам алды, екіншісі — 134 мыңнан астам адам.

Коронавирустық пандемия жүріп жатқанын ұмытпаңыз, қалада күн сайын 250-300 жаңа науқас тіркеледі. Қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі — халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен санитарлық дәрігерлердің ұсыныстарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109