2974

Нұр-Сұлтанда анализі тексеруге жіберілген пациенттердің 56%-ында үнді штаммы алдын ала расталды

COVID-19 ауруының күрт өсуін және үнді штаммының ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастың сынамасы алынды. Олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы анықталды ("Дельта" штаммы). Мутацияның жаңа түрі ең жұқпалы және тез таралады. Елордада қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі. Коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен өткен қалалық штаб отырысында қаралды.

«Қалада аурудың күрт өсуін тіркейміз. 54 науқастан алынған сынаманың алдын-ала талдауы олардың 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы бар екенін көрсетеді. Мутацияның жаңа түрі ең қауіпті, өйткені өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. Ал 39%-ы британдық штаммға ие. Пациенттердің 80%-дан астамында (үнді, британдық штаммдар) клиникалық көріністер бар, оның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды, 20%-ында симптомдар жоқ, оның ішінде 1 науқас ауруханаға жатқызылды.

Көпшілігі – дәрігерге көрінген. Сырттан келген алты науқас бар: Ресей, Ауғанстан, Түркістан, Ақмола облысы – 2, ШҚО», — деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің, құрылыс компанияларының басшыларымен, мектеп/балабақша, колледж, СОО/СҮ/базар директорларымен, ҮЕҰ және басқа да ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарын вакцинациялау қажеттілігі айтылды. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру кезінде ғана олардың қызметі тоқтатылмайды. Егілгендердің саны аз болған жағдайда, осы нысандағы жұмыстар тоқтатылады.

Үнді штаммының жұқпалы және тез таралатынын ескере отырып, қалада қосымша шектеулер енгізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109