1180

«MuzVac — үздік музыкалық вакцина»: Елордада медицина қызметкерлеріне арналған гала-концерт өтті

«MuzVac — үздік музыкалық вакцина!» атауымен өткен «Астана кештері» Х Халықаралық өнер фестивалі үлкен гала-концертпен аяқталды. Бұл ауқымды іс-шара халық денсаулығын қорғап, коронавируспен күресте алдыңғы шептен көрінген медицина қызметкерлеріне шынайы алғыс айту мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы емханаларының қызметкерлері концерттің басты қонағы болып, әлемге белгілі әртістердің өнерін тегін тамашалады. Фестивальдің ұйымдастырушылары оларға көмек ретінде MuzVac деп аталатын өздерінің жаңа музыкалық вакцинасын ойлап тапты. Бұл – вирусты жеңу үшін иммунитетті нығайтудың, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудың тиімді құралы. Музыкалық вакцинаның құрамына сахна майталмандары шырқаған классикалық өнердің жауһарлары енді.

Көрермен қауым бұл кеште Италия мен Швецияның танымал жұлдыздары – Антонелло Кароцца, Риккардо Бертоццини, Миа Стегмар - Дженни Тарнеберг секілді әртістердің өнерін тамашалады. Бұған қоса, өздерінің орындаушылық шеберлігін белгілі отандық әртістер Ерлан Рысқали мен Альфия Каримова, «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен Нұр-Сұлтан қаласы Филармониясының камералық хоры паш етті. Дирижерлік тұғырды Италиядан келген маэстро, әлемнің үздік оркестрлерімен жұмыс істеген Роберто Молинелли басқарды.

Концерттік бағдарлама әлемдегі сан мың тыңдарманға жағымды әсер сыйлаған ХХ ғасырдың үздік туындыларынан құрылды. Атап айтқанда, «АВВА» және «Queen» топтарының атақты әндері, «Профессионал», «Зұлым, жаман, жақсы», «Миссия» сынды әйгілі кинофильмдерге жазылған Эннио Морриконенің музыкасы. Тіпті арнайы осы концерт үшін итальян композиторы Эннио Морриконенің ұлы өзінің бейнеқұттықтауын жолдады. Ол өз өнерімен адамдардың жан дүниесін сауықтыруға және жақсылық жасауға ұмтылған Морриконенің музыкасы «Дегдар» қорының қайырымдылық қызметімен үндес екенін атап өтті.

Тыңдарман қауым «Астана кештері» фестивалінің қорытынды концертіне жоғары баға берді. Залдағы көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметі соған дәлел болды.

Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Дегдар» гуманитарлық қоры, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, JTI компаниясы. Ұйымдастырушылардың айтуынша фестиваль «MuzVac — үздік музыкалық вакцина!» ұранын арқау етіп, елорда күнін мерекелеу аясында өткізілді. Қайырымдылық жоба елордалық көрерменге 3 концерт ұсынды.

Жалпы, «Астана кештері» өнер фестивалі Дариға Назарбаеваның бастамасымен жас елордамызға деген зор сүйіспеншіліктің белгісі ретінде дүниеге келгені белгілі. Бұл фестиваль музыкалық өнердің сан түрлі жанрларын біріктіретін ерекше  концепцияның арқасында еліміздің мәдени өміріндегі игі дәстүрге айналды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109